Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы КИРИЛЛДЫҢ Пасхалық жолдауы

Опубликовано в Без категории

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы

КИРИЛЛДЫҢархипастырларға, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие Қауымының барлық адал ұл-қыздарына Пасхалық жолдауы

 

Құдай үшін сүйікті архипастырлар,

қасиетті пресвитерлер мен диакондар, Құдайды сүйген иноктар мен инокинялар қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!

 

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

 

   Өлімді жеңіп табыттан тұрған Құтқарушы үшін жарқын қуанышқа толы жүректен, барлықтарыңа мерекенің мерекесімен  өмір орнықтырушы сөздермен – Құдай Иенің Пасхасымен құттықтаймын.

   Енді біз сенімнің ұлы тойына, тынның ұлы салтанатына шақырыламыз. Дүниеге келген Құдайдың Біртуған Ұлы, кіресте тақсірет, өлім кешіп, Аспандағы Әкенің бұйрығы бойынша өлімнен жеңімпазды тіріліп табыттан тұрды! Иисус тірілді – содан бастап «өлім жеңіліп жойылды» (1 Кор. 15, 54)! Ол өлімнен тірілді – сондықтан бүкіл Әлем қуанып шаттанады! Құдай Ие тозақты қысқартып, шайтанның билігін жойды. Бұның бәрін Адамсүйгіш Құдай істеді, бізді Иисус Христос арқылы Өзіне асырып алу үшін, Онда Оның Канымен күнәміздің өтеліп, кешірілуін ала аламыз  (Еф. 1, 4–5; 7).

Христостың өлімді жеңуі – бұл тек рухани шындық қана емес, сонымен қатар денелік шындық. Құдай Ие Иисус шыныменде денесімен барлық адамдардың құтқарылуы үшін өлімнен тірілді. Оның өлімнен тірілуімен өлім қайтарымсыз бетке айналды, және Христосқа сенгендерге мәңгі өмірге туылуға, аспанға Құдай Патшалығына ашылған есік болды.

Христос үшін азап шеккендер қандай болса да қайғы қасіретті ержүректілікпен қабылдағаны кездейсоқ емес. Егер бұрын ұлы тақуалар қайтыс болғандар үшін, қаза тапқандар үшін сияқты қайғырса, Құдай Ие Иисустың өлімнен тірілгенінен кейін, өлім оларды қорқытпады. Киелі епископ Ұлы Афанасий былай деп тамаша жазады: бұдан былайХристосқа сенген әркім оны іштеңкеге тұрмайтындай белден басады, бұл өмірден кеткеннен соң, ғайып болмайтынын жақсы біледі, бірақ тірілу арқылы мәңгі болады (Құдай Сөзінің денеленгені жайында және Оның бізге денесімен келгені жайында сөзі). Орыс Қауымының жаңа азап шекендері XX  ғасырдағы қуғын жылдарда қорқынышыз  куәгерлікке барып бізге жарқын үлгі көрсетті.

Бүгінгі заманда әлем евангелиеде нақыл айтылған ақылсыз бай адамға ұқсайды (Лк. 12, 16–21 қар.), онда жабдықталғандық, жетістік және ұзақ өмір адамзаттың басты бағалығындай саналады, біз Құтқарушының үйренушілеріміз және қолдаушыларымыз, апостол Павелмен бірге батылды: бізге өмір Христос (Флп. 1, 21), ал өлім – өмірден ғайып болу емес. Бұлай айтамыз және сенеміз, өйтені Құдай адамның жанын мәңгі өмір сүруге жаратты.

Күнделікті әбігерлікте және үрейленулікте болған бізге, бізді арайландыратын Құдайдың біздің өмірімізде болуын көруге рухани көргіштік жетіспейді! Бірақ пасхалық кезең – ерекшке мезгіл. Бұл күндері ауаның өзі де ештеңкеге тең келмейтін пасхалық қуанышпен толы, ал Құдайдың махаббаты мен мейірімділігі әр адамға төгіледі.

Осы кереметті және нұр шашатын мерекені қарсы ала отырып, біз тек сөзімізбен ғана емес, сонымен қатар Құдай Ие Иисустың өлімнен тірілуі арқылы адамдардың алған сол ұлы сыйды ісімізбен де сендіре куәландыруға шақырылғанбыз. Айналадағыларымызбен Изгі Хабарды қуанышпен бөлісіп, жақындарымызға махаббат, қамқорлық және ілтипат сыйлап, біздің көмегімізге мұқтаж болғандарға мейірімділік көрсетейік. Тек осылай ризалы сөзімізбен және ризалы жүрегімізбен табыттан тұрған Құтқарушымызды даңқтай отырып, орындалған пасхалық ғажайыптың мұрагерлері болып, бізге шексіз махаббатын сыйлаған Құдай Тағаланың ұлдары мен қыздары болып аталамыз.

Сіздерді шын жүректен жарқын Киелі Пасха мерекесімен құттықтай отырып, тағы және тағы сіздерге қуанышты сөздермен сәлем беремін:

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

 

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Мәскеу,

Христос Пасхасы

2018 ж.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 91
  • 93
  • 94
  • 95
  • 96
  • 97
  • 98
  • 99
  • 990
  • 991
  • 992
  • 993
  • 994
  • 996
  • 997
  • 999
  • 9999
  • Rudn_
  • fedor

Контакты

Адрес: 110000, Республика Казахстан, Костанайская область, г.Костанай, ул. Алтынсарина 206

Тел./факс 8(7142) 542-253 (приёмная)

E-mail: eparhiya@mail.ru

Информационный отдел Костанайской и Рудненской епархии: kep.inform@mail.ru

 

 

Вопрос-Ответ